Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы қалай тойланады?

24 Ақпан 2023, 17:23
1967
Бөлісу:
Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы қалай тойланады?
Фото: Асхат Ораловтың Facebook парақшасынан алынды

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да «Бейбарыс Сұлтан және оның түркі тарихындағы орны» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Конференцияда Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Бейбарыс сұлттаның 800 жылдығы халықаралық дәрежеде қалай атап өтілетінін айтты. 

Үкімет мүшелері мен зиялы қауымдарымызбен бірге Мысыр еліне Қазақстан Респбуликасының мәдениет күндерін өткізуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда осы бағытта Мысыр үкіметімен бірлесе жұмыс істеудеміз. Бұл жобамен маусым айында бір топ делегация барамыз. Сонымен бірге Мысыр астанасы Каирдың төрінде Сұлтан Бейбарыстың мешіті бар. Бұл мешітте жөндеу жұмыстары аяқталған, соны қайта ашамыз деген ниетіміз бар, - деді Мәдениет министрі. 

Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы қалай тойланады?

Ораловтың мәлімдеуінше, биыл ұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес, мәдени-танымдық және ақпараттық бағытта 48 ауқымды іс-шара өтеді.

Бүгін игі бастама ретінде Астана қаласында Бейбарыс Сұлтанның атына көше ашылды. Ұлы бабамыздың асқақ тұлғасын айрықша ұлықтау мақсатында бүгінгі халықаралық конференция да ұрпақ мұраты үшін игілікті іс деп білеміз. Мерейтой аясында 1989 жылы түсірілген қазақ режиссері Болат Мансұровтың «Сұлтан Бейбарыс» көркем фильмі 4К цифрлық форматына көшіріліп, бастапқы күйіне дейін қалпына келтірілді. Фильм алдағы айларда киносүйер қауымға жол тартады, - деді министр Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да «Бейбарыс Сұлтан және оның түркі тарихындағы орны» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында. 

Өзгелердің жаңалығы