Сүлейменова оқушылармен кездесті

19 Қаңтар 2023, 17:28
1532
Бөлісу:
Сүлейменова оқушылармен кездесті

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова бүгін «Ақылды бейсенбі» жобасы аясында Астана қаласы Халықаралық мектебінің 7-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Жоба авторлары атап өткендей, оның мақсаты – қоғамда өз орны бар адамдармен кездесулер өткізу арқылы оқушылардың азаматтық-патриоттық санасын ояту. Бұдан басқа, министрлік іске асыратын «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасынның «Экология болашағы» бағыттарының бірі де халықтың экобілім мен мәдениет деңгейін арттыруға бағытталған. 

Сүлейменова оқушылармен кездесті

Кездесу барысында 3G сынып оқыушысы Өскенбаева Сафияның тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау жобасы ұсынылды. Балалар іс-шараға белсенді қатысты, олар өздерін қызықтырған сұрақтарына министрден жан-жақты жауап алды. Балалармен мұндай кездесулер өткізу олардың көпшілігі үшін болашақ мамандықты таңдауда және жалпы еліміздің табиғатын қорғауда маңызды болады деп ой салады. 

 

Өзгелердің жаңалығы