Сүлейменова 40 елді мекенді су басу қаупінен қалай сақтайтынын айтты

8 Тамыз 2023, 15:43
1117
Бөлісу:
Сүлейменова 40 елді мекенді су басу қаупінен қалай сақтайтынын айтты
Фото: Арман Мухатов -архив

Бұл туралы Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, ведомство жөндеуді қажет ететін 41 ГТҚ-ны қайта жөндеуде.

Биыл тағы 2 су қоймасы қалпына келтірілуде. 5 нысанды 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда, 1 нысан техникалық қорытындыға сәйкес қанағаттанарлық жағдайда, бүгінгі күні жобаны авариялық нысандар құрамынан шығару мәселесі пысықталуда. Осы жобалар іске асырылған жағдайда 300 мың халқы бар 40 елді мекенді су басу қаупі мәселесі шешілетін болады, - деді Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова

Жалпы министрліктің анықтамасындағы ақпаратқа сүйенсек, су тасқынына қарсы іс-шараларға республикалық бюджеттен 217 811, 05 мың теңге бөлінді. 

Бүгінгі таңда 34513 дана қапшықтар, 1131,07 тонна жанар-жағармай материалдары, 43319,9 тонна инертті материалдар, 329 бірлік мамандандырылған техника, 32 бірлік жүзу құралдары бар. Қажет болған жағдайда мемлекеттік сатып алу тәсілімен жанар-жағармай материалдары және инертті материалдар қосымша сатып алынатын болады. 

Қалған 17 жоба бойынша 30 млрд теңге сомасына қаражат бөлу қажет. Оның ішінде, ұлттық жоба шеңберінде 20 млрд теңге, бұдан басқа қосымша 10 млрд теңге және ЖСҚ әзірлеуге 765,2 млн теңге бөлу қажет 12 нысан бойынша ЖСҚ әзірлеуге 2023 жылы РБ-ны алғашқы нақтылауға 1 346,5 млн теңге бағытталды.

Саяжан Құдайберген 

Өзгелердің жаңалығы