Суицидке баруға итермелейтін негізгі себептер қандай?

28 Наурыз 2025, 11:15
1519
Бөлісу:
Суицидке баруға итермелейтін негізгі себептер қандай?
Фото: BAQ.KZ

Қазақстандық БАҚ-та соңғы уақытта адамдардың өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары туралы айтылып та жазылып жатыр. Өз-өзіне қол жұмсау 15 жастан 25 жасқа дейін және егде жаста – 70 жастан кейін жиі болатыны анықталды. Осы ретте Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі суцидтің алдын алу жолдары мен себептеріне тоқталып өтпек. Статистикаға сәйкес, суицид салдарынан қайтыс болған адамдардың 90%-дан астамында психикалық патологиялардың, терең күйзеліске түскені анықталған.

 

700 000-нан астам адам өз-өмірін қияды

Өткен жылы елімізде 2389 суицид оқиғасы тіркелген. Ал әлем бойынша жыл сайын 700 000-нан астам адам өз-өмірін қияды. Мамандардың айтуынша, суицидтік мінез-құлықтың қарапайым түсіндірмесі жоқ. Адам өз-өмірін қиюға ешқашан жалғыз фактор немесе оқиғаға себеп болмайды дейді. Қол жұмсауға итермелейтін факторлардың өте көп екенін еске салады. Суицидтік мінез-құлықтың себептерін түсінуге тырысқанда физикалық және психикалық денсаулық жағдайын, өмірдегі стрестік оқиғаларды, сондай-ақ әлеуметтік және мәдени факторларды ескеру қажет.

Суицидтік ниет бір күнде қалыптаспайды, ең алдымен бастапқы қауіп факторлары қалыптасады – ол биологиялық, әлеуметтік, психологиялық және басқа да көптеген себептер жинағы. Екіншіден, сол факторларға белсендіруші оқиға әсер етеді, кикілжіндер, жаымсыз жадаяттар, жоғалтулар. Мысалы бастапқы қауіп факторлары болмаса, белсендіруші оқиға суицидке апрмайды. Сол екеуі қосылғанда ғана суицидтік күйзеліс орын алады, - деді психология ғылымдарының кандидаты, “Reframe” тұлғаны дамыту орталығының директоры Гульжан Вероцкая.

Адамның суицидке баратынын қалай байқауға болады?

Түрлі белгілері көп, мысалы қоштасуға ұқсас сөздер мен әрекеттер жасауы, бірақ ең бастысы ойлау әдеттері. Егер адам өзін-өзі түкке тұрғысыз, дәрменсіз, жағымсыз деп санайтынын, өмірдің мәні жоқтығын білдірсе, онымен терең сұхбаттар жүргізіп, қиын жағдаяттарға және өзіне деген көзқарасын өзгертуге болады, - деді Гульжан Вероцкая.

Адамның өз-өзіне қол жұмсау туралы ойлауына бірнеше себеп бар

Психиканың бұзылуы. Оған психикалық денсаулықтың негізгі жағдайлары, соның ішінде депрессия, мазасыздық, биполярлық бұзылыс және есірткі пайдалану жатады. Бұл жағдайлардың барлығы өз-өзіне қол жұмсау туралы ойды айтарлықтай арттыруы мүмкін.

Экономикалық тұрақсыздық және кедейлік. Суицидке баратындардың көпшілігі кедейліктің зардабына шыдамай, мәселені осы жолмен шешуді ойлайды. Олардың болашаққа деген үміті болмайды. Өзгелерге және банк алдындағы қарызы артып кеткен жағдайда өзін-өзі өлтіруді жиі ойлай бастайды.

Жұмыссыздықтың жоғары деңгейі. Бұл мәселе де адам өмірін оп-оңай қия салуына себепші болып отырған фактор.

Қоғамнан оқшаулану, өзін керексіз сезіну. Өзін отбасына, достарына, жақындарына керексіз сезіну. Осылайша адам өзін айналасындағы адамдардан оқшаулап, жалғызсырай бастайды. Бұл мәселені дер кезінде шешіп, бетпе-бет сөйлесіп түсінуге тырыспаса арты қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін.

Өзіне жақын адамнан айырылу. Өзінің жанына жақын, ет жақынан айырылған адам өмірдің мәнін көрмейді. Енді ол адамсыз өмір сүру бекер деп ойлайды. Сол себепті де өзінің өмірін қиятын әрекетке барады.

Өзгелердің әрекеті. Басқа адамдардан жапа шегу, өзгелердің мазағына айналу немесе бір әрекетіне бола қоғамның сынына ұшыраудан қорқу. Бопсалау әрекеттері, буллинг те адамды суицид жасауға итермелейді

Алматы суцидтен көш бастап тұр

Елімізде қай өңірлерінде суцид жиі жасалатындығын «Қазақстан қоғамдық даму институты» анықтаған. Алматы (25,4%), Астана (19%), Шымкент (16%), Қарағанды облысы (21,2%), Батыс Қазақстан облысы (17,2%) және Атырау облысы (15,4%) болған. Расымен-ақ БАҚ беттерінде Алматы қаласында өз-өзіне қол жұмсау факторлары жайлы жиі жазылатынын көруге болады. Меселен, 11-ші наурыз күні Алматыда әйел "Комфорт сити" тұрғын үй кешенінің 18-қабатынан өзімен бірге 4 жасар баласын ала секірген. Әйел оқиға орнында көз жұмды. Ал бала аса ауыр жағдайда ауруханаға түсті. 

Ал 9 наурыз күні Алматы оюлысында 6-қабаттан құлап, мерт болған Ажардың туыстары қыздың суицид жасағанына сенбей, өлімге күйеуі итермелегенін айтқан еді. Сондай-ақ, ҚР ІІМ Ұлттық ұланының офицері, капитан Аманғали Еменов 4-қабаттан секірмек болған әйелді ажалдан құтқарып қалды.

Ерлер әйелдерге қарағанда 5 есе көп суицид жасайды

Ер адамдар суицидке бейім. Жалпы, 18-75 жас және одан жоғары жастағы адамдар өз-өзіне қол жұмсау оқиғаларының 78,9 пайызын – ер адамдар, яғни 2,9 мың, қалған 770-сі – әйелдер.

Ер адамдар ұл өсіргенде оған сезімдерін, әлсіздігін көрсетуге тыйым салынған және өмір бойы ер адам ішкі уайымдарын көрсетпеуге тырысады. Олар жоқ деген сөз емес қой, бәріміз біредей алаңдаймыз, шаршаймыз, шарасыздық сезінеміз, бірақ әйел адам оны шығарып бөлісе алады, ал ер адам іштей қысылып білдрмей жүребереді, - деді психология ғылымдарының кандидаты, “Reframe” тұлғаны дамыту орталығының директоры.

Жалпы ер адамдар неге өз-өзіне қол жұмсайды деген сұраққа жауап беру қиын. Қазақстанда суицидке байланысты факторлар туралы зерттеулер аз. Сондықтан әлеуметтанушылар көбінесе болжамды деректерге сүйенуге мәжбүр. Өзіне қол жұмсауға шешім қабылдаған жандарға биологиялық, экономикалық, психологиялық және басқа да көптеген факторлар әсер ететінін естен шығармаған абзал.

Жасөспірімдердің өз-өзіне қол салуына қандай себептер болу мүмкін

Қазақстандық БАҚ-та жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы тақырыбы жиі қозғалады. Сонымен қатар, статистика бойынша, орта жастағы адамдар – 30-дан 54 жасқа дейін.

Жасөспірім кезеңінде бала бойында көптеген өзгерістер орын алады, соның бірі – қалыптасқан жүйеге қарсы шығу, өзінің Менін қалыптастыру. Ал ата-ана оны әлі бала болып, айтқанды істеп, сызып берген сызықтан шықпауын қалайды. Ішкі күйзеліс сыртқы кикілжіндерге жиі алып келеді, болмаса бала мүлдем жабылып, оны ешкім түсінбейтініне, қалыптасқан жүйені өзгерте алмайтынына көз жеткізіп, шындықтан қашу жолдарын іздейді,- деді психология ғылымдарының кандидаты, “Reframe” тұлғаны дамыту орталығының директоры Гульжан Вероцкая.

Суицидтен қайтыс болғандардың жалпы статистикасында осы санаттың үлесі – 54,9 пайыз. Екінші орында егде жастағы адамдар, әрбір төртінші суицидті (23,5 пайызын) 55 жастан асқан қазақстандықтар жасаған.

Өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болғандар ішінде 18 бен 29 жас аралығындағы жастардың үлесі – 17,3 пайыз, ал осы жас тобының суицид әрекетінің үлесі – 18,8 пайыз.

Психолог Данияр Аренов жасөспірімге эмоциясын көрсетуге мүмкіндік беру керегін айтады.

Бұл өте маңызды. Мысалы, мектепте буллингке тап болған бала "қорқудың", "әлсіз", "біреуден әлсіз болудың", "ашуланудың" қалыпты жағдай екенін түсінуі керек. Ата-ана баланы әрдайым қорғап, қанатының астына алып жүре алмайды ғой. Бірақ егер жасөспірім ішіндегі сезімді ата-анамен бөлісуге болатынын түсінсе, бұл үшін олардың оған ұрыспайтынын, кемсітіп, күлмейтінін білсе, ол сізге келеді, - деді ол.

Балалар мен жасөспірімдерді суицидке итермелейтін негізгі себептер физикалық және психикалық зорлық-зомбылық (30%), ата-аналардың түсіністік пен қолдаудың болмауы (29,2%) және достарының немқұрайлылығы (28,3%). Сауалнамаға қатысушылардың төрттен бірінен астамы (27,3%) компьютер мен интернетке тәуелділікті басты мәселе ретінде атап өтті.

 

Өзгелердің жаңалығы