Суға батып кетпес үшін не істеу керек?

9 Шілде 2023, 10:19
1262
Бөлісу:
Суға батып кетпес үшін не істеу керек?
Фото: BAQ.KZ

Адамның суға батып бара жатқанын қалай анықтауға болады? Жазатайым жағдайды болдырмау үшін не істеу керек? ТЖМ баспасөз қызметі суда қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Адамның суға батып бара жатқанын қалай анықтауға болады?

- Бір орында тырбаңдайды, аузын ашып ұстап, басын артқа қарай тартады
- Қол бұлғамайды, айқайламайды.

Жазатайым жағдайды болдырмау үшін не істеу керек?

- таныс емес және тыйым салынған жерлерде шомылмаңыз;

- көпірлерден, бөгеттерден, айлақтардан суға секірмеңіз;

- шомылып жатқан балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

- батып бара жатсаңыз дүрлікпеңіз;

- су бетіне қол аяғыңызды жайып жатыңыз, басыңызды жоғары қаратыңыз.

ТЖМ суда қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Егер адам төтенше жағдайға тап болса, онда 112 нөміріне хабарласу қажет.

Өзгелердің жаңалығы