Суға батып кеткен қазақстандықтың Таиландта жүргеніне бірнеше ай болған

4 Қыркүйек 2023, 17:04
742
Бөлісу:
Суға батып кеткен қазақстандықтың Таиландта жүргеніне бірнеше ай болған
Фото: автордан

Суға батып кеткен қазақстандық Таиландта жұмыс істеген СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Таиландта қайтыс болған 18 жастағы қазақстандық жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

1 қыркүйекте Қазақстанның Таиландтағы елшілігіне Пхукет аралында Қазақстанның азаматы суға түсіп, батып кетті деген ақпарат келді. Сол ақпаратты тексеру үшін консул дереу жергілікті билікпен және полициямен байланысты. Екі күн іздестіру жұмыстары жүргізілді. Екі күннен кейін 3 қыркүйекте бір азаматтың денесі судан шығарылды. Бірақ суда (дене - ред.) екі күн болғаннан кейін тану немесе ажырату қиын. Сондықтан бүгін әке-шешесі арнайы процедураға барып, баласының денесін таныды. Бұл азаматтың Таиландтың аумағында жүргеніне бірнеше ай болған. Жасы 18-де. Өзі YouTube-те белсенді болған, каналын жүргізген. Таиландта жұмыс істеген, - деді Смадияров. 

Сөзінше, қайтыс болған отандасымыз 15 жасынан бері шетелде жиі қыдырған. 

Барлық көмек көрсетіледі. Жақын арада денесі Қазақстанға жеткізіледі, - деп айтты СІМ ресми өкілі брифингте.

Өзгелердің жаңалығы