Судың тарифін көтеру керек пе?

23 Қаңтар 2023, 12:53
994
Бөлісу:
Судың тарифін көтеру керек пе?

Қоғамда судың тарифін көтеру керек деген сынды пікірлер айтылып жүр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Осыған қатысты «Қазсушар» РМК бас директорының орынбасары Ербол Салихбаев өз ұстанымын айтты.

Республикалық меншікте 3 440 канал жүйесі бар. Шаруаларға су жеткізіп беру - «Қазсушардың» негізгі міндеттерінің бірі. Қазіргі таңда осы жүйелердің көп бөлігі коммуналдық меншікте болды. Енді оны пайдалануға алып отырмыз. Бірақ нысандардың көп бөлігі қазіргі тарифке кірмей қалған. Яғни оны күтіп-баптауға қаржы қарастырылмаған. Осыған байланысты тиісті мемлекеттік органға ұсынысымызды беріп жатырмыз, - деп айтты Ербол Салихбаев брифингте.

Сөзінше, ұсынысты биыл береді. Ал 2024 жылы ол тарифке енеді.

Бұған дейін су саласының сарапшысы мамандардың жалақысын көбейту мәселесін де қозғаған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы