Судья «алаяқтық» фактісімен тергеліп жатыр

8 Ақпан 2019, 17:35
2100
Бөлісу:
Судья «алаяқтық» фактісімен тергеліп жатыр

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин өткен аптадағы қылмыстық істерді атады.

«Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы алаяқтық жасады деп күдіктелуде. Сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының ішкі қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, Алматы қаласы Әуезов аудандық соты судьясының алаяқтық фактісін анықтады. Ол жауапты мемлекеттік лауазымды атқара отырып, алдау арқылы жеке тұлғадан 10 мың доллар сомасында қаржы алған деп күдіктелуде. Осылайша ол өз өндірісіне жатпайтын азаматтық істер бойынша тұтқындалған мүліктен ауыртпалықты алып тастамақ болған. Тергеу жалғасуда», - деді Арман Бердалин агенттікте өткен брифинг барысында.
Қымбат Елтайқызы
Өзгелердің жаңалығы