Суданда 25 млн адам аштыққа шалдыққан

20 Ақпан 2024, 13:28
336
Бөлісу:
Суданда 25 млн адам аштыққа шалдыққан

Әлем мұнайды саудаға салып жатқанда Суданда 25 млн адам аштықтың зардабын тартып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Мұндағы ел үкіметтен қайыр болмаған соң атақонысын тастап, бет ауған жаққа босып барады. Бұл туралы БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілі мәлімдеді. Оның айтуынша, күн сайын мыңдаған судандық шекара асады. 

Былтыр қақтығыс басталған сәуір айынан бері 500 мың тұрғын оңтүстікке қарай өткен. Олардың 35%-і аш-жалаңаш. Әсіресе 5 жасқа дейінгі бала көп, - дейді ұйым өкілдері. 

Дұрыс тамақтанбау деңгейі өте жоғары. Әсіресе әйелдер мен балалардың қатты зардап шегіп отырғанын байқаймыз. Сондықтан шекарадан өтіп, транзиттік орталыққа көшкен кезде бірқатар қызмет түрлерін қолжетімді еттік, - деді БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының маманы Аачал Чанд.

Өзгелердің жаңалығы