Суару және су үнемдеу мәселелері өте өзекті - Смайылов

27 Қыркүйек 2023, 16:13
1254
Бөлісу:
Суару және су үнемдеу мәселелері өте өзекті - Смайылов
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен «Израиль-Қазақстан» сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Михаэль Роэ Қазақстанда агроөнеркәсіп кешенін дамыту және су ресурстарын басқару жөніндегі израилдік тәжірибені қолдану перспективаларын талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Үкіметі серіктестікті кеңейтуге және Израилмен көпқырлы өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтуға үлкен мән береді.

Атап айтқанда, ол елдің ауыл шаруашылығы саласындағы үздік жетістіктері қызығушылық тудыруда.

Біз израилдік технологияларды зерттеуге және оларды агроөнеркәсіп кешенін дамытуға серпін беру үшін тартуға дайынбыз. Суару және су үнемдеу мәселелері де өте өзекті. Біз мемлекеттің осы салаға бағыттап отырған қаражатының тиімділігін арттырып, нақты нәтижелерге қол жеткізгіміз келеді, - деді Премьер-министр.

Суару және су үнемдеу мәселелері өте өзекті - Смайылов

Өз кезегінде Михаэль Роэ Қазақстанның ішкі нарық қажеттіліктерін толығымен өтеуге әлеуеті жеткілікті екенін және АӨК-ті дамытудың кешенді тәсілі арқылы жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қоса алатынын атап өтті.

Суару және су үнемдеу мәселелері өте өзекті - Смайылов

Ол Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы саласында израилдік агротехнологиялар мен су ресурстарын басқару әдістерін қолдануға кешенді қолдау көрсетуді ұсынды.

Кездесу қорытындысына сәйкес тәжірибе алмасу және барлық айтылған мәселелер бойынша бірлескен жұмысты жақын арада ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы