Қазақстанда тасқын су жинайтын су қоймалары салынуы мүмкін

27 Сәуір 2020, 20:49
3119
Бөлісу:
Қазақстанда тасқын су жинайтын су қоймалары салынуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев гидротехникалық құрылыстар мен ириигациялық жүйелерді салу және жаңғыртуға бөлінетін қаражаттың жұмсалуын қоғам тарапынан бақылауды енгізуге ниетті.

Бұл туралы министр Kun.kz.-тегі тікелей эфир барысында хабарлады.

Өкінішке орай, соңғы жылдары су саласын түрлі жанжалдар абыржытып тастағаны жасырын емес. Осылайша, ең бір құрметті мамандықтың абырой-беделі, тақырыпқа сай айтсақ, суға кетті. Егер қоғам бұл процеске тартылатын болса, бізге оңайырақ, ал маған, жеңілірек болады. Егер жергілікті жерде тұрғындар тарапынан бақылау жасалатын болса, онда жұмыс та сапалы әрі уақытылы жүргізіледі, - деді министр.

Қазақстанның оңтүстігінде тасқын суларды жинау функциясы бар су қоймалары пайда болуы мүмкін.

Оңтүстікте біз трансшекаралық ағындарға толығымен тәуелдіміз. Қазіргі уақытта екі су қоймасын салу мүмкіндігі қарастырылуда, әзірге Қараөзек пен Күміскеткен зерттелу үстінде, - деді М.Мырзағалиев.

Министрдің айтуынша, бұл екі су қоймасы тасқын суларды ұстап қалу үшін салынады.

Егер біздің зерттеулеріміз су қоймаларында қажетті ағын болатынын көрсетсе, онда біз оларды сөзсіз саламыз. Бұл, әрине, қызылордалық ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін көбірек кепілдік береді, - деді министр.

Сонымен қатар министр Тараз мемлекеттік университетінің базасында мелиорация институты құрылатыны жайлы айтты.

Су мамандарының жетіспеушілігіне келетін болсақ, бізде мұндай проблема бар. Қазіргі уақытта біз бұл мәселені Білім және ғылым министрлігімен бірге талқылап жатырмыз. Тараз мемлекеттік университетінің базасында су шаруашылығы саласындағы мамандарды арнайы дайындайтын мелиорациялық институт құрылады, - деді министр.

Министр Жайық өзенінің проблемалары және оны шешу Көкшетаудағы Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы шекаралық ынтымақтастық форумының басты тақырыбына айналатынын атап өтті.

Сандар тілінде сөйлесетін болсақ, Жайықтағы біздің ұзақ мерзімді ағынымыз шамамен 10 текше шақырымға жетуі керек еді. Соңғы жылдары, құрғақ жылдары жеті, 2019 жылы төрт болды, яғни бұл нағыз апат. Сондықтан, бізді бұл мәселе қатты алаңдатады, біз оны жоғары деңгейге көтердік. Біздің Мемлекет басшысы бұл туралы Омбыдағы шекарамаңы ынтымақтастық форумында өзінің әріптесі, Ресей Федерациясының Президентіне жеткізген болатын, - деді М.Мырзағалиев.

Министрдің айтуынша, Көкшетауда өтетін 2020 трансшекаралық форумының тақырыбы - экология.

Ал Жайық өзені – бұл форумның маңызды тақырыптарының бірі, - деді ол.

Мырзағалиев бұл мәселені шешу үшін Қазақстан «өз қорын, өзін қалай ұстайтындығын» модельдеуі керек.

Екіншіден, біз өзіміз үшін Жайық өзенінің бойындағы негізгі су тұтынушы кім екенін айқын анықтап, түсінуіміз керек. Біз олардың суды қалай пайдаланатынын тексеруіміз қажет: тиімді немесе тиімсіз, суды үнемдейтін технология бар ма немесе жоқ па деген сияқты. Үшінші бағыт – Жайық өзеніндегі барлық су қоймалары бірдей келісілген режимде жұмыс істеуі үшін біз көршілерімізбен синхронды жұмыс істеу мәселесін талқылауымыз керек. Бұл біз бүгін атқарып жатқан күрделі жұмыстар – деп қорытындылады ҚР Экология министрлігінің басшысы.

Өзгелердің жаңалығы