Су тасқынының алдын алу мақсатында 41 гидротехникалық құрылыс реконструкциядан өтті

26 Қазан 2023, 17:01
667
Бөлісу:
Су тасқынының алдын алу мақсатында 41 гидротехникалық құрылыс реконструкциядан өтті
Фото: ortcom.kz

Су тасқынының алдын алу мақсатында биыл жөндеуді қажет ететін 41 гидротехникалық құрылыс реконструкция өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәлімдеуінше, бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысындағы Чар және Түркістан облысындағы Шардара су қоймаларында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кету керек, қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыстың арқасында биыл су тасу қауіпі бар кезеңінде оқыс жағдайлар болған жоқ.

Су қоймалары мен гидротехникалық құрылыстардың жағдайы жіті бақылауда болуы тиіс. Ол үшін жергілікті әкімдіктермен тығыз жұмыс атқарып, бірлескен іс-шараларды іске асыру қажет. Су тасқынының алдын алу үшін қазірден бастап дайындық жұмыстарын жүргізу маңызды ,- деді ҚР Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.

Өзгелердің жаңалығы