Су тасқынынан зардап шеккен 152 отбасы жаңа пәтерге көшті

6 Маусым 2024, 20:00
431
Бөлісу:
Су тасқынынан зардап шеккен 152 отбасы жаңа пәтерге көшті
Фото: Артём Чурсинов - архив

Ақтөбе облысында су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

4245 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды.

152 отбасы қираған баспанасының орнына дайын жаңа үй мен пәтерге ие болды. Мәселен, Ойыл ауданытұрғындарына 68 үй/пәтер ұсынылса, Әйтеке би ауданында — 25, Мұғалжарауданында — 21, Темір ауданында 16 пәтер берілді. Қалған зардап шеккентұрғындарға арнап жаңа 398 үй салынып жатыр.

754 отбасы тұрғын үйін жөндеугежәне қалпына келтіруге деп өтемақыалды.

1168 отбасына жоғалған аса қажетті дүние-мүлкін сатып алу үшін 150 АЕК мөлшерінде қосымша көмек көрсетілді.

Өзгелердің жаңалығы