Су тасқынына дайындық: Қарағанды облысында су бұру жүйелері тазартылады

23 Қаңтар 2023, 18:00
724
Бөлісу:
Су тасқынына дайындық: Қарағанды облысында су бұру жүйелері тазартылады

Қарағанды облысында елді мекендерден 461 мың текше метр қар шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл жұмыс әлі де жалғасуда. Сонымен қатар, су бұру және нөсер кәріз жүйелерін уақтылы тазарту, гидроқұрылыстарды дайындау ерекше назарда.

Су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері онлайн режимде аппараттық кеңесте талқыланды.

Облыс ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов материалдық-техникалық құралдардың қорын құру туралы баяндады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта 80 мың тоннаға жуық инертті материал мен 63 мың қап дайындалды.

Самарқанд және Ынтымақ су қоймаларында санитарлық төгінділер жүргізілуде. Бүгін Нұра және Шерубай-Нұра өзендерінің бассейндері бойынша қар өлшеу бойынша алғашқы аралау жұмыстары басталды.

Халық үшін ТЖ қаупі мен туындауы кезіндегі іс-қимылдар бойынша арнайы ұсынымдар әзірленді, олар рейдтік іс-шаралар барысында тапсырылатын болады. Өңірлерге ерекше назар аудару қажет: біріншісі – арықтардың, науалардың және нөсерлі кәріздердің жай-күйіне, оларды алдын ала тазартуды ұйымдастыра отырып, оның ішінде жеке аумақтар мен су өткізгіш арықтарды, науаларды қардан, қоқыстан тазарту бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу; екіншісі – елді мекендер мен объектілердің айналасында немесе бойында қар траншеяларын жасау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, – деп атап өтті Мұрат Қатпанов.

Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев қалалар мен аудандардың әкімдеріне, сондай-ақ құзырлы мекемелерге тапсырма берді. Олар су бұру және нөсер кәріз жүйелерін уақтылы дайындауға, гидроқұрылыстардың жұмысын бақылауға, автожолдардағы ахуалды бақылауға қатысты.

Өзгелердің жаңалығы