Су тасқыны. Железнодорожное ауылында 30-дан астам адам эвакуацияланды

4 Сәуір 2023, 09:30
935
Бөлісу:
Су тасқыны. Железнодорожное ауылында 30-дан астам адам эвакуацияланды
Фото: top-news.kz

Қостанайлық құтқарушылар Железнодорожное ауылындағы су тасқынының салдарын жою жұмыстарын істеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдары және ТЖД күштері мен құралдары Железнодорожное ауылындағы ойпат жерде орналасқан екі пәтерлі алты үйге кірген еріген қар суы салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қардың қарқынды еруі салдарынан Тімтуір өзені арнасынан асты, - делінген ТЖМ таратқан хабарламада.

Осы үйлердің тұрғындары 30-дан астам адам алдын ала эвакуацияланды. Қазіргі уақытта олар туыстарының үйлеріне орналастырылды. Құлақтандыру, малды алдын ала қауіпсіз аймаққа айдау жұмыстары жүргізілді.

Жедел жұмыстарға жергілікті атқарушы органдар мен құтқару бөлімшелерінен 15 техника және 30 адам жұмылдырылды. Жұмылдырылыған күш пен құралдар қатты ағынға төтеп бере алмай жатқан су өткізу құбырларын құйылып жатқан еріген қар суын сору жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, өзенде судың көтерілуі байқалмайды, тәулік бойы кезекшілік және мониторинг ұйымдастырылды.

Өзгелердің жаңалығы