Су тасқыны. Жедел желіге 500-ге жуық қоңырау түскен

29 Наурыз 2024, 19:05
286
Бөлісу:
Су тасқыны. Жедел желіге 500-ге жуық қоңырау түскен
VIDEO
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив

Ақмола, Ақтөбе, БҚО және Қостанай облысының тұрғындарынан жедел желі» телефондарына 452 қоңырау келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.

Қалыптасқан су тасқыны жағдайына байланысты Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының аумақтарында Төтенше жағдайлар департаменттерінде ашылған «жедел желі» телефондарында ҚР ТЖМ психологтары тәулік бойы қызмет атқаруда. Телефондарға 452 қоңырау келіп түсті, - делінген хабарламада.

ТЖМ психологтары денсаулық сақтау және білім беру психологтарымен бірлесіп эвакуациялық пункттерде зардап шеккен халыққа шұғыл психологиялық көмек және ақпараттық қолдау көрсетеді.

Өзгелердің жаңалығы