Су тасқыны. Зардап шеккендерге өтемақы төленіп жатыр

9 Сәуір 2024, 09:53
299
Бөлісу:
Су тасқыны. Зардап шеккендерге өтемақы төленіп жатыр
Фото: Арман Мухатов - архив

Павлодар облысында көктемгі су тасқынына қатысты жағдай тұрақталды. Бұған дейін жарияланған табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі алынып тасталды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы аймақ басшысы Асайын Байханов мәлімдеді. Ресми мәліметке сүйенсек, өңірде қарғын су салдарынан 38 баспана түрлі деңгейде бұзылған.

Олардың қатарында болған 24 үйдің қожайынына өтемақы төленіп, келтірілген шығын толық өтелді. Қалғанын үй иелеріне төлем осы аптаның соңына дейін беріледі. Бүгінгі таңда қар суынан келер қауіп-қатерлер жойылды. Кеше ғана Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылында жергілікті маңызда жарияланған төтенше жағдай режимі алынып тасталды. Қазіргі уақытта ауылдарда жиналған қар суының қалдықтары сорылып жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті, барлық деңгейдегі әкімдік өкілдері мен кәсіпкерлердің бірлескен жұмысының арқасында ондаған елді мекен қарғын судан қорғалды. Осы уақытқа дейін облыс аумағындағы автожолдардың үстімен су өтіп кетудің 11 дерегі тіркелді. Қазіргі уақытта көлік қозғалысы реттелді. Мен аймақ тұрғындарынан бастан өткерген сынақ үшін кешірім сұраймын. Сонымен қатар, су тасқыны салдарынан жоюға атсалысқан азаматтарға алғыс білдіремін. Алдағы уақытта біз қателіктермен жұмыс жасап, кешенді шараларды қолға аламыз, - дейді аймақ басшысы.

Айта кетейік, қазіргі уақытта көктемгі су тасқынының екінші кезеңі – табиғат қорғау мақсатындағы су босату жұмыстарына қызу дайындық жүріп жатыр. Аймақ Бұқтырма және Шүлбі су қоймаларынан тіршілік нәрін қабылдауға дайындалып жатыр. Мамандардың айтуынша, биыл 6,5 млрд текше метрден астам су келіп, Ертіс жайылымының 90%-на жайылады. Бұл – 11 жыл ішінде болмаған көрсеткіш.

Өзгелердің жаңалығы