Су тасқыны. Ұлытау облысында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған

1 Сәуір 2024, 09:30
254
Бөлісу:
Су тасқыны. Ұлытау облысында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған

Ұлытау облысы әкімдігінің мәліметінше, Қаражал қаласы аумағында жағдай тұрақты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомство атап өткендей, Қаражал-Атасу жолы, Қылыш су қоймасы, Шалғия, Ақтай елді мекендеріне қауіп жоқ. 

Тіршілікпен қамтамасыз ету нысандары штабтық режимде жұмыс істеуде. Кезекшілік 24 сағатқа ұйымдастырылған, қала аумағы бақылауда, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы