Су тасқыны тағы қай аймақта болуы мүмкін

Су тасқыны тағы қай аймақта болуы мүмкін
590

Су тасқыны тағы қай аймақта болуы мүмкін екені айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Галидулла Азидуллин су тасқыны болуы мүмкін қауіпті аймақтарды атады. 

Қардағы су қорының мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдылығын, топырақтың қату тереңдігін қарастыра отырып, су тасқыны қауіпті аймақтарға алдын ала баға берілді, - деді вице-министр.

Экология министрлігі өкілі қауіпті аймақтарды екі топқа бөліп көосетті.

Жоғары қауіп: Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау Алматы, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстары.

Орташа қауіп: Павлодар, Ұлытау, Маңғыстау және Қызылорда облыстары. 

«Қазгидромет» су тасқыны кезеңіне алдын ала болжамды 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 4 ақпанда шығарды, одан әрі су тасқыны кезеңіне негізгі болжамын 5 наурызға дейін ұсынады. Наурыз айынан бастап гидрологиялық болжамын апта сайын ұсынады. «Қазгидромет» гидрометеожағдайлар күрт өзгерген жағдайда 2-3 тәулік бұрын су тасқыны қаупі туындауы жайлы дауылды ескертулерді алдын ала хабарлайды, - деп түсіндірді Галидулла Азидуллин ОКҚ-да.  

Өткен атпада Түркістан облысында күннің күрт жылуы мен жауын-шашын салдарынан су тасқыны болған еді.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы