Су тасқыны табиғаттың ерекшелігі мен мамандардың жетіспеушілігінен – сарапшы

29 Наурыз 2024, 16:09
246
Бөлісу:
Су тасқыны табиғаттың ерекшелігі мен мамандардың жетіспеушілігінен – сарапшы
Фото: жеке мұрағат

Еліміздің кейбір өңірлерінде су тасқыны болды. Қазір құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Су тасқынының себебін инженер-гидрохник, сарапшы Әмірхан Кеншімовтен сұраған едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әмірхан Кеншімовтің айтуынша, биыл еліміздегі кейбір өңірлерінде болған су басу жағдайы - бұл табиғат. Әр жылда әртүрлі климаттық режим болады.

Әр жылда әртүрлі жауын-шашын болады. Сондай-ақ әр жылда әртүрлі климаттық режим болады. Биыл көп жерде болып жатқан су тасқыны бойынша факторлар көп. Біріншіден, күзде жақсы жаңбыр жауды. Жер суға жақсы қанықты. Содан кейін суықта қатты. Әр аймақта тоң болып, қатуы да әртүрлі. Солтүстік өңірлерде 2 метрге дейін барады. Ал Алматыда 1,38 метр. Жердің қатуы, кейін қар түсуі одан кейін температура көтеріліп қардың барлығы еріп, жерге сіңе алмай сайға толуы, өзен арнасын толтырып жатыр. Табиғатқа адамның күші келе бермейді. Біз соған сәйкес, яғни табиғаттың мінезіне қарай жұмыс істеуіміз керек. 30 жыл бойы сол су саласына көңіл бөлінген жоқ. Былтыр ғана министрлік құрылды. Енді 6 айдың ішінде барлығын дұрыстау мүмкін емес. Қазақтың мақалы бар «батпандап кірген ауру, мысқылдап шығады» деген. Сол мысқылдап шығайын деп жатыр. Қазіргі келген министр өте жақсы жұмыс істеп жатыр. Бырлық жерде болды, барды, дұрыс шешімдер қабылдады. Қыста қандай жұмыс атақарады. Жұмысқа енді кіріседі. Менің ойымша, бұл мәселе 3-4 жылда шешіліп қалады, - деді Әмірхан Кеншімов.

Әмірхан Кеншімов су саласына қатысты мамандарды дайындау керек екенін жеткізді.

Қазір дұрыстап қорғануымыз керек. Дұрыстап қорғану үшін білгір мамандарды тарту керек. Ал білгір мамандар жоқтың қасы. 30 жыл бойы дұрыс маман дайындалмағаннан кейін олардың жағдайы шалажансар. Қандай шешім қабылдайтынын білмейді. Сондықтан жер-жерде болып жатқан осындай қиыншылықтар бар. Әкімдер жұмыс істемейді дейміз. Жұмыс істеу үшін оларға да мамандар, кеңесшілер керек. Олардың барлығы су маманы емес қой. Болып жатқан жағдай ол табиғаттың ерекшелігі мен мамандардың жетіспеушілігі, - дейді сарапшы.

Өзгелердің жаңалығы