Су тасқыны. Салынып жатқан үйлер бақылауымызда - министр

24 Мамыр 2024, 16:58
267
Бөлісу:
Су тасқыны. Салынып жатқан үйлер бақылауымызда - министр
Фото: BAQ.KZ -архив

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев тасқыннан бүлінген үйлерді салуға кәсіпкерлер көмектесетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда қазақстандық кәсіпкерлер өзіне үлкен әлеуметтік жауапкершілік алды. Үйлерді салу және баспананы сатып алу отандық бизнестің есебінен жүргізіледі. Кейбір өңірлерде құрылысты компаниялар қаржыландырады. Онымен қоса үйлердің сапасы бақылады, - деді Шарлапаев Сенат кулуарында. 

Министр үйлердің салынуын бақылау үшін операциялық штабтар құрылғанын айтады.

Құрылыс бойынша барлық учаскенің дерегін цифрландырып, жүйеге енгіздік. Жұмысты бақылау үшін барлық құрылыс алаңында бейнебақылау жүйесін орнаттық. Министрлік қызметкерлері су тасқыны болған өңірлердегі үйлердің қалай салып жатқанын бақылап отыр, - деді ведомство басшысы.

Бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев утильалымға қатысты сұраққа жауап берген еді. 

Өзгелердің жаңалығы