Су тасқыны. Құтқарушылар елікті қауіпсіз аймаққа шығарды

4 Сәуір 2024, 15:57
414
Бөлісу:
Су тасқыны. Құтқарушылар елікті қауіпсіз аймаққа шығарды
VIDEO
Фото: скриншот

Қарағанды облысының құтқарушылары елікті судан қауіпсіз аймаққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бүгін Нұра ауданының Нұра және Құндызды өзендеріне мониторинг жүргізу кезінде Қарағанды облысының Жедел құтқару жасағының құтқарушылары жағалаудан алыс жерде әлсіз елікті байқады. Құтқарушылар қайықпен жүзіп барып, елікті резеңке қайыққа көтеру арқылы қауіпсіз жерге - құрлыққа жеткізіп, босатты. Енді елікке қауіп жоқ, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы