Су тасқыны. Құлсарының қазіргі жағдайы қандай?

8 Сәуір 2024, 13:04
819
Бөлісу:
Су тасқыны. Құлсарының қазіргі жағдайы қандай?
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ баспасөз қызметі Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы су тасқынына қатысты ақпаратты таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ТЖМ күштерімен Жем өзенінің арнасынан асып Құлсары қаласын су басуына байланысты 8150 дана қаптарға құм толтырылып, 2200 метр қорғаныс бөгеттерін бекіту жүргізілді. 

Қазір Жылыой ауданы Құлсары қаласында су басқан үйлер саны 2680 құрайды. Категориялар бойынша толық есептеу су деңгейінің төмендегінен кейін жүргізілетін болады. Сонымен қатар, тәулігіне 20 қоңыраулар түсіп, 9 адам құтқарылып, 34 адам және үй жануарлары қауіпсіз жерге көшірілді, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы