Су тасқыны: Құлсарының қазіргі күйі қандай

5 Мамыр 2024, 08:15
333
Бөлісу:
Су тасқыны: Құлсарының қазіргі күйі қандай
Фото: видеодан кадр

Атырау облысының Құлсары қаласында 100-ден астам жеке тұрғын үй мен 10 бизнес нысаны су астында қалып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Айта кетейік, өткен аптада ҚР ТЖМ құтқарушылар күштерінің топтары 2815 үйден су бұрып, сору жұмыстарын жүргізген болатын.

Өңірдің эвакуациялық пункттерінде 769 адам бар, олардың 430-ы балалар. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 7 сәуірінен бастап облыста жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі сақталуда. Жайық өзеніндегі су деңгейі артуда. Төмендеу байқалмайды.

Өңірде жүргізіліп жатқан авариялық-құтқару жұмыстары туралы ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марғұлан Аманбаев айтып берді.

ТЖМ қызметкерлері бүгінгі күнде күндіз-түні 24 сағат жұмыс атқаруда. Құлсары қаласынан қазіргі кезде 3 млн 500 метр куб су шығарылды. Істеп жатқан техника саны бүгінгі күні - 39 және 200-ге жуық жеке құрам жұмыс атқарылды. Сонымен қатар ТЖМ Атырау облысы, Маңғыстау облысы, Ақтөбе, Шымкент қаласы және Қостанай облыстарының жеке құрамдары жұмыс істеуде. Бүгінгі күні Ақтөбе облысынан 3 техникамен 6 адам дезинфекция жұмыстарымен айналысуда. 3 мыңға жуық үй су астында қалды. Қазіргі кезде жұмыс барысында 105 үй және 10 бизнес объекті су астында. Жұмыстар жалғасуда, - деді Марғұлан Аманбаев. 

Өзгелердің жаңалығы