Су тасқыны. Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары 9 адамды құтқарды

17 Сәуір 2024, 16:33
299
Бөлісу:
Су тасқыны. Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары 9 адамды құтқарды
VIDEO
Фото: Видеодан скрин

Ырғыз ауданында Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары су тасқынынан зардап шеккен 9 адамды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, олар интернет пен телефон байланысы жоқ, мұнарада болған.

Жергілікті адамдар көлігімен ең жақын ауылға жетуге тырысқанмен ол суға батып кеткен.

Балалармен, қолындағы үш айлық нәрестесімен олар әупірімдеп мұнараға жеткен.

Отбасы Ырғыз ауданының жергілікті мектебіне орналастырылды.

Өзгелердің жаңалығы