Су тасқыны. Қобда ауданында 147 үй салынып жатыр

10 Шілде 2024, 10:54
462
Бөлісу:
Су тасқыны. Қобда ауданында 147 үй салынып жатыр
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Қобда ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге 147 үй салынып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрылысқа 15 мердігер ұйым, барлығы 253 адам жұмыс істеп жатыр.
«Строй-Ақтөбе» ЖШС 2 тұрғын үй салуда, онда ішкі әрлеу жұмыстары аяқталып, электр жарығы қосылып, су құбырлары тартылған.
Жарық ауылында екі мердігер мекеме 17 үйдің қабырғасы мен төбесін төсеп бітірді.

Құрылыс жағдайы:
- 12 үйдің іргетасы құйылды
- 136 үйдің сыртқы қабырғалары тұрғызылды
- 129 үйдің шатыр жабыны орнатылды
- 62 үйге терезе жақтаулары орнатылды

Құрылыс материалдарынан тапшылық жоқ, барлығы дер кезінде жеткізіледі. Электр желілерін, газ, су тарту бойынша келісімге қол қойылды, қазірдің өзінде жұмыстар жүргізілуде.

Құрылысты тамыз айында аяқтау жоспарлануда.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығының мәліметінше, Ақтөбе облысында:
- 511 тұрғын үйді салады – 511 басталды;
- 503 тұрғын үйді сатып алады – 406 сатып алынды;
- 3 073 тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізеді – 3 000 аяқталды

Өзгелердің жаңалығы