Су тасқыны. ҚазАвтожол Қостанай жолдарының жағдайы туралы айтты

5 Сәуір 2024, 12:00
307
Бөлісу:
Су тасқыны. ҚазАвтожол Қостанай жолдарының жағдайы туралы айтты
VIDEO
Фото: скрин

ҚазАвтожол Қостанай облысындағы су тасқыны туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

5 сәуірде сағат 9:00 шамасында А-22 «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» тас жолының 253-ші және 254-ші шақырымында Тобол өзенінің тасуынан және РФ жағынан үлкен көлемде судың келу салдарынан жол бөлігін екі жақтан су алу фактысы тіркелді. Бірінші су тасқынның (253 шақырым) ауданы 250 м, ал ені 15 см. Екіншісінің ауданы (254 шақырым) 300 м, ені 15 см, - делінген ҚазАвтожол таратқан хабарламада.

Аталған учаскелерде 2 су өткізгіш құрылғысы бар: диаметрі 1*1,5 м болатын үш тесікті дюбингті құбыр және диаметрі 1*1,5 м бір тесікті дюбингті құбыр (254 шақырым).

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы бақылау орнатылып, қажетті ескерту жол белгілері, сигналды тіректер мен ілмектер орнатылды. Сондай-ақ, жол жиектерін инертті материалдармен және құм салынған қаптармен күшейтуде.

4 техника (2 бірлік КДМ КАМАЗ және HOWO, 1 тиегіш, 1 ДРС Газель) мен 9 адам жеке құрамнан жұмылдырылды.

Қазіргі таңда көлік қозғалысына шектеу қойылмаған.

Өзгелердің жаңалығы