Су тасқыны: Оқушылар оқу құралдарымен, киіммен және тамақпен қамтылған

16 Сәуір 2024, 14:32
266
Бөлісу:
Су тасқыны: Оқушылар оқу құралдарымен, киіммен және тамақпен қамтылған
Фото: BAQ.KZ - архив

Республикалық ақпараттық штабта Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы өңірлерде оқушыларға барлық жағдай жасалғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ресми өкіл Оқу-ағарту министрлігі өңірлерде оқу процесін ұйымдастыру жұмыстарын жалғастырып жатқанын атап өтті.

Оның айтуынша, министрлік өкілдері Атырау, Қостанай, Ақмола, Маңғыстау және Абай облыстарының жағдайымен барып танысты.

Су тасқыны басталған уақыттан 4 739 оқушы балаларды сауықтыру орталықтарына, колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларына және инновациялық мектеп-лицей интернаттарына орналастырылды. Сондай-ақ балалар мен ата-аналар үшін қосымша 8 мыңға жуық орын әзірленді, - деп түсіндірді Мереке Амангелдіқызы брифингте.

Министрлік өкілі атап өткендей, оқушылар қажетті оқу құралдарымен, киіммен және тамақпен қамтамасыз етіліп жатыр.

Сонымен қатар министрлік су тасқынынан зардап шеккен педагогтердің тізімін жасайтынын және қай өңірдің оқушылары БЖБ мен ТЖБ тапсырмайтынын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы