Су тасқыны, несие, жалақы, баспана: Халыққа қандай қолдау көрсетіледі

10 Сәуір 2024, 11:22
1921
Бөлісу:
Су тасқыны, несие, жалақы, баспана: Халыққа қандай қолдау көрсетіледі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Елімізде табиғи апат болып, бірнеше өңірді су басты. Құтқарушылар халықты қауіпсіз жерге эвакуациялап жатыр. Су тасқыны салдарынан жұмысы тоқтаған, баспанасынан айырылған және несие алған азаматтарға мемлекет қандай қолдау көрсетеді? Азаматтарымызды алаңдататын сұрақтардың жауабын іздеп көрейік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Су тасқыны салдарын тартып жатқан халыққа мынадай қолдау көрсетіледі:

- Төтенше жағдай жарияланған аудандар мен қалалардағы субсидияланатын жұмыс орындарына орналасқан қазақстандықтардың жалақысы өзгеріссіз қалады;

- ТЖ режимі жарияланған аудандар мен қалалардағы атаулы әлеуметтік көмек алушыларға АӘК мемлекеттік мекемелерге жүгінуінсіз автоматты түрде ұзартылады;

- Су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың тұрғын үйі қалпына келтіріледі. Азаматтарға берілетін үйдің жобасы әзірленді. Олар:

  • 80 шаршы метрлік 3 бөлмелі жеке тұрғын үй.
  • жалпы ауданы 160 шаршы метр болатын 2 пәтерлі тұрғын үй.

- Су тасқыны салдарынан қырылған малдың өтемақысы төленеді. Мал иелеріне өтемақы төлеуге қатысты алгоритм әзірленді.

- Фермерлер мен мал иелеріне несие және лизинг міндеттемелерін кейінге шегеру бойынша қолдау көрсетіледі. Төлем кешіктірілген жағдайда айыппұл салынбайды. Азаматтардың несие төлемдері 3 айға автоматты түрде шегеріледі.

- Зардап шеккендерге 100 АЕК-ке (369 200 теңге) дейінгі мөлшерде біржолғы мемлекеттік әлеуметтік төлем төленеді.

- Төтенше жағдай жарияланған өңірдің педагогтері аттестаттаудан Оқу-ағарту министрлігі белгілеген жекелеген мерзімдерде өтеді. Тасқын су салдарынан баспанасыз қалған педагогтер үшін аттестаттаудан өту келесі жылға ауыстырылады.

- Тасқын су салдарынан зардап шеккен өңірлердегі оқушыларға Балаларды сауықтыру орталықтарына жіберіледі.

- Жастарға жеңілдетілген микрокредит беру бағдарламасы бойынша қарыз алып, қазір су тасқынынан зардап шеккендерге осы микрокредиттер бойынша төлемдері кейінге қалдырылады.

- Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға мүгедектік мерзімі автоматты түрде ұзартылады.

Өзгелердің жаңалығы