Су тасқыны кезінде құтқарушылар 500-ден астам елді мекенді аман алып алды. Бұл туралы үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мемлекет басшысы елімізде болған ірі су тасқынын жоюда адам өліміне жол бермеу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осыған байланысты, Министрлік барлық күштер мен құралдарды төтенше жағдай аймағында қалған халықты тез арада эвакуациялауға және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жұмылдырды. Құтқару жұмыстары қолайсыз ауа райы жағдайында және қиын жерлерде жүргізілді, - деді Әрінов.
Министр апат болған аймақтарда инженерлік техника мен әуе көлігінің жетіспеушілігі қатты сезілгенін жасырмады.
Тартылған техниканың басым бөлігі сапасыз әрі ұзақ мерзімді жұмыстарды жүргізуге жарамсыз болатын. Осыған байланысты, көптеген күштер мен құралдарды теміржол эшелондарымен және әуе кемелерімен жөнелту жүргізілді. Ақтөбе, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы өзендердің арнасынан асып тасуына байланысты Қорғаныс министрлігінің понтон көпірлерін орнату талап етілді. Бұл халықты дер кезінде эвакуациялауды, азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуді қамтамасыз етумүмкіндігін берді. Зардап шеккен аймақтардың тасқын судың көлемі мен олардың салдарына дайын еместігі аңғарылды, ондағы бірлескен іс-қимылдардыұйымдастыру мен үйлестіру әлсіз жүргізілді, - деді Шыңғыс Әрінов.
Ведомство басшысының айтуынша, апатпен аянбай тәулік бойы күрескен қарапайым жауынгерлер мен құтқарушылардың арқасында адам өліміне жол берілмей, 500-ден астам елді мекен аман қалды.