Су тасқыны. Индер ауданында Жайық өзенінің деңгейі төмендеп келеді

23 Мамыр 2024, 14:32
280
Бөлісу:
Су тасқыны.  Индер ауданында Жайық өзенінің деңгейі төмендеп келеді
Фото: ТЖМ

Атырау облысы Индер ауданында Жайық өзенінің су деңгейі төмендеп келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кететін жағдай, 2024 жылғы 12 мамырда Индер ауданында тұрғызылған бөгеттің астыңғы бөлігінде қалған ескі құбырдан су кетті. Аталған аумақта арнайы мотопомпалар арқылы су сору жұмыстары жүргізілуде. Сол уақыттан бері 270 мыңға жуық текше метр су айдалды. Соңғы ақпаратқа сәйкес, бүгінгі күні Индер ауданы Жайық өзенінің су деңгейі 5 см төмендеп, 1000 см құрап отыр.

Аталаған жұмыстарға өңірде ТЖМ күштері мен құралдарынан 39 құтқарушы, 5 бірлік техника, 5 су соруға арналған мотопомпалар және 2 жүзу құралы жұмылдырылды.

Өңірде Жайық өзені бойындағы бөгеттерді қосымша нығайту және инертті материалдарды төсеу жұмыстары атқарылуда. Аймақта тасқын судың қауіпсіз өткізу және алдын алу үшін мониторинг уақытылы жүргізіліп, құтқарушылар ауысыммен кезекшілікте. Жағдай бақылауда, - делінген Атырау облысы ТЖД таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы