Су тасқыны. Индер ауданында 15 эвакуациялық пункт дайындалды

6 Мамыр 2024, 12:08
194
Бөлісу:
Су тасқыны. Индер ауданында 15 эвакуациялық пункт дайындалды

Индер ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры Парасат Боранбайұлының айтуынша, тасқын орын алып, тұрғындарды көшіру қажеттілігі туындаған жағдайда эвакуациялау жұмыстарына 150-ге жуық қызметкер жұмылдырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.

Эвакуациялауға қатысатын мамандардың қатарында төтенше жағдайлар бөлімі, полиция, жергілікті атқарушы органдар өкілдері бар. Сонымен бірге, 26-ға жуық техника дайын тұр. Тасқын қауіпі туған жағдайда дабыл белгісі іске қосылатын болады, - деді Индер ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры Парасат Боранбайұлы.

Индербор кентіндегі Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп қауіпті аймақта орналасқан елдімекен тұрғындары үшін дайындалған эвакопункттердің бірі.

Аталған мектеп директоры Мереке Жұмашеваның айтуынша, мұнда 45 кереует, 45 әскери төсек-жабдық дайындалған.

90 орынға спорт залы дайындалды. Бір мезгілде асханадан 100 адам тамақтана алады. Дене тәрбиесі сабағы мектеп ауласындағы алаңда өтіп жатыр. Басқа пәндер офлайн форматта өтуде, - деді спикер.

Еске сала кетелік, 6 мамыр күні Индер ауданында Жайық өзеніндегі су деңгейі сағат 8.00 ахуал бойынша, 884 см жетті.

Өзгелердің жаңалығы