Су тасқыны. Елімізде 38 мыңнан астам адам үйлеріне оралды

29 Сәуір 2024, 16:18
300
Бөлісу:
Су тасқыны. Елімізде 38 мыңнан астам адам үйлеріне оралды
Фото: ОКҚ

ТЖМ өкілі Асқар Шәріп 7 мыңнан астам жеке тұрғын үйден судың бағыты бұрылып, су сорылғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Республика бойынша 7 мыңнан астам жеке тұрғын үй мен 2 834 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды, 38 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды, - деді Шәріп ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Құлсары қаласында су басқан аумақтан жылжымалы сорғы станциясы мен мотопомпа көмегімен 105 мыңнан астам текше метр су сорылды. Атырау облысында Жайық өзені су деңгейіне мониторинг жалғастырылуда.

Бүгін 29 сәуірде таңертеңнен бері Атырау қаласында, Индер, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарында 18 мың қап төселіп, 70 тонна инертті материал төселді, - деді спикер.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 19 мыңнан астам адам, 2 694 техника, 327 су сору құралы және 231 жүзу құралы, 7 әуе кемесі жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы