Су тасқыны: Ел бойынша 38 мың адам үйіне оралды

29 Сәуір 2024, 10:18
1902
Бөлісу:
Су тасқыны: Ел бойынша 38 мың адам үйіне оралды
Фото: скрин

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ТЖМ өкілі Асқар Шәріп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Су тасқыны бастағалы бері 12,9 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды.

Су тасқыны жағдайының мониторингі дронның көмегімен жүзеге асырылады. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен тәулікте Индер, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарында 500 км астам бөгет салынды. Құлсары қаласында су басқан аумақтан жылжымалы сорғы станциясы мен мотопомпа көмегімен 207 мыңнан астам текше метр су сорылды. Республика бойынша 38 521 адам үйлеріне оралды. 6 726 адам эвакуациялау пункттерінде орналасқан. Су тасқыны бастағалы бері 12,9 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді, - деді ТЖМ өкілі Асқар Шәріп ОКҚ алаңында өткен брифингте.

ТЖМ өкілі Ақтөбе облысында жалпы ауданы 403 гектар су басқан аумақтарда дезинфекциялау жұмыстарын жүргізілгенін атап өтті.

Алматы қаласынан, Қарағанды облысынан Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына көмекке барған Қорғаныс министрлігі күштері мен құралдарының бір бөлігі тұрақты орналасу орындарына қайтарылуда. Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімінің күштері Ақтөбе облысында жалпы ауданы 403 гектар су басқан аумақтарда дезинфекциялау жұмыстарын жүргізді, - дейді Асқар Шәріп.

Өзгелердің жаңалығы