Су тасқыны болған жердегі мүлікті жүздеген ұландық күзетіп жүр

20 Сәуір 2024, 19:44
398
Бөлісу:
Су тасқыны болған жердегі мүлікті жүздеген ұландық күзетіп жүр
Фото: Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері тәулік бойы тонауға жол бермеу үшін Қазақстанның су басқан елдімекендерінде патрульдік  қызмет атқарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанның солтүстік облыс орталығында өткен тәулікте Есіл өзенінің деңгейі біршама төмендеді. Сонымен қатар, толып кету қаупі 293 см, яғни, күніне 18 см-ге көтерілді, демек, су тасқынының екінші толқыны күтілуде. 3200-ден астам үй және 1100-ден астам үй маңындағы аумақтар су астында қалды. Осыған байланысты Петропавл мен Солтүстік Қазақстан облысында жағдай қиын болып тұр.

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері су басқан аумақтарда тұрғындардың меншіксіз қалған дүние-мүліктерінің  жоғалып кетпеуін қадағалау мақсатында қызмет атқаруда. Петропавл қаласында орналасқан 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшілері су басқан шағын аудандарда бақылау бекеттерін құрады және үш ауысымда қызмет атқарады. Қауіпсіздік мақсатында олар азаматтарды су басқан үйлерге жібермейді. Жеке құрам тонау әрекеттерін болдырмауға да күш салуда.

Біздер полиция қызметкерлерімен бірлесіп  қараусыз қалған үйлерді күзетіп жатырмыз.  Көшелерді жаяу патрульдейміз. Сонымен қатар, біз су басқан ауылдарда бақылау бекеттерін құрдық, - деді взвод командирі лейтенант Нұрдәулет Айтуаров.

Сонымен қатар, су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін Ұлттық ұлан академиясының курсанттары мен елордалық 5573 әскери бөлімінің жеке құрамы тартылды. Олар инертті материал салынған сөмкелерді дайындайды және жинайды, жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізеді және бөгетті нығайтады, сондай-ақ жануарларға арналған азық-түлікті түсіреді.

Жалпы алғанда,  зардаптардың алдын алу үшін құқық тәртібі әскерлерінің 3000 жауынгері полицейлермен, құтқарушылармен және еріктілермен бірлесіп, азаматтарды эвакуациялауға белсенді қатысады, табиғи апат аймағындағы эвакопункттерге гуманитарлық көмек жеткізеді. 

Сондай-ақ, тонауға жол бермеу мақсатында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді, су тасқынымен қамтылған кенттерді патрульдейді, жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізеді, инертті материалдары бар қапшықтарды дайындайды және салады, су бұруды және каналдарды тазартуды жүзеге асырады.

Мысалы, 6506 әскери бөлімінің (Шымкент қ.) 300 офицері, сержанттары мен сарбаздары және 5547 әскери бөлімінің (Қызылорда қ.) жеке құрамының 200 адамы Батыс Қазақстан облысында жағалауды нығайту жұмыстарына, қапшықтарды дайындау мен төсеуге көмектеседі. 

Ал, 5517 әскери бөлімінің (Орал қ.) 80 адамнан тұратын әскери қызметшілері патрульдік-бекеттік қызмет атқарады. Тағы 240 адам су тасқынына қарсы іс-шараларда жергілікті тұрғындарға көмек көрсетеді. Жалпы, БҚО-да 860-қа жуық ұландықтар жұмылдырылды.

Астанадан авиациялық базаның әуе кемелерін тарту жалғасуда. МИ-171Е тікұшақтарындағы және Y-8 әскери-көліктік ұшағындағы ұшқыштар Ақтөбе, Петропавл және Орал қалаларында жұмылдырылған және адамдарды, мүлікті іздеу мен эвакуациялауға және гуманитарлық жүкті жеткізуге әрдайым көмек көрсетуге дайын.

Айта кетейік, су тасқыны басталғаннан бері 125 әуе және автомобиль техникасы пайдаланылуда. Ұландықтар 1674 адамды эвакуациялады, инертті материалдары бар 787 мың қапшық дайындады және төселді, сондай-ақ 138 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы