Су тасқыны. Бөгет жарылған Жалғансай ауылының қазіргі ахуалы қандай

23 Мамыр 2024, 18:18
2701
Бөлісу:
Су тасқыны. Бөгет жарылған Жалғансай ауылының қазіргі ахуалы қандай
VIDEO
Фото: скриншот

Округ әкімі Жалғансай ауылындағы бүгінгі ахуал туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

23 мамыр күнгі мәлімет бойынша, Жалғансай ауылындағы ахуал тұрақты. Қазіргі уақытта Жалғансайда ауылға кірме жолды қосымша бекіту және бөгеттерді нығайту жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен бірге, ауылға төнген қауіпті сейілту мақсатында кірме жол мен бөгет арасына кірген суды арнайы техникалар көмегімен құрғату жұмыстары жүріп жатыр.

Эвакуацияланған 200-ге жуық тұрғын ауылға таңмен қайта жеткізілді. Қазіргі уақытта қауіпсіздік шараларына әскерилер, ТЖД мамандары, жергілікті тұрғындарды қосқанда, 100-ге жуық адам жұмылып жатыр. Сонымен бірге, кезекшілік күшейтілуде, - деді Жалғансай ауылдық округінің әкімі Асылжан Қайырғалиев.

Ауыл тұрғыны Дүйсенбай Меңдіғалиев түннен бері ауылдың ер азаматтары бөгет бекітуге көмектескенін айтты.

Түннен бері ауылдың ер азаматтары бөгет бекітуде жүрдік. Әйел адамдар, балаларды Махамбет ауылына мектепке апарды. Қазір жағдай тұрақталды. Тұрғындар үйлеріне қайтты. Ауылды қорғау үшін, жұмысымызды жалғастыра береміз, - деді ол.

Еске сала кетелік, Махамбет ауданындағы Жалғансай ауылында қолданыстағы 3,5 шақырым болатын бөгет қайта жаңартылып, қосымша 3,5 шақырым бөгет салынды.

Өзгелердің жаңалығы