Су тасқыны басталғалы Апаттар медицинасы орталығына 800-дей адам жүгінген

1 Мамыр 2024, 22:15
398
Бөлісу:
Су тасқыны басталғалы Апаттар медицинасы орталығына 800-дей адам жүгінген
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Су тасқыны басталғалы бері ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері 800-ге жуық адамға медециналық көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Қазіргі уақытта Апаттар медицинасы орталығының 7 бригадасы Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының тұрғындарына көмек көрсетуде, сондай-ақ ТЖМ психологтары эвакуациялық пункттерде азаматтармен жұмыс жүргізуде, - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, жедел желі телефонына 2 258 қоңырау түсті.

Өзгелердің жаңалығы