Су тасқыны басталғалы 97 636 адам құтқарылды

11 Сәуір 2024, 02:30
340
Бөлісу:
Су тасқыны басталғалы 97 636 адам құтқарылды
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Су тасқыны басталғалы бері 97 636 адам, оның ішінде 32 814 бала құтқарылды және эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Уақытша орналасу пунктеріне 7 181 адам, оның ішінде 3 509 бала орналастырылды. Бұл туралы Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш мәлімдеді.

Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 471 жеке тұрғын үй, 433 аула аумағы су астында қалуда. Бірлескен күштермен 8,717 млн астам текше метр еріген қар суы сорылды. 2 750 тұрғын үй мен 1 816 аула аумағындағы су бұрылды.

Аэровизуалды тексеру және дрондарды пайдалану арқылы өзендер мен су қоймаларындағы су тасқыны жағдайына мониторинг, сондай-ақ кейбір өңірлерде өзендерде мұз жару жұмыстары жүргізілуде, - деді спикер.

Тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстарына 24 мыңнан астам адам, 3000-ға жуық бірлік техника, 16 әуе кемесі жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы