Су тасқыны. Ауызсудан 800-ге жуық сынама алынды

21 Мамыр 2024, 17:27
317
Бөлісу:
Су тасқыны. Ауызсудан 800-ге жуық сынама алынды
VIDEO
Фото: скрин

Атырауда тасқын аудандарында ауызсудан 800-ге жуық сынама алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Айгүл Сабырқызының айтуынша, аймақта төтенше жағдай режимі жарияланғалы бері ауызсудан 800-ге жуық сынама алынған.

Ауыз су сапасын анықтау мақсатында мамандарымыз тасқын болып жатқан аудандардағы ауызсудан 800-ге жуық сынама алды. 24 жағдайда судың лайлылығы мен дәміне байланысты, гигиеналық нормативке сәйкессіздік анықталды. Мамандар су қондырғыларына тазалау жұмыстарын жүргізді. Сондай ақ, ашық су көздерінен 98 сынама алынды. Тасқын болып жатқан аумақтарда судың сапасын бақылауға арналған жұмыстар күшейтілуде, - деді спикер Айгүл Сабырқызы.

Өзгелердің жаңалығы