Су тасқыны. "Атырау-Индер" трассасында қорғаныс бөгеттері бекітілуде

20 Мамыр 2024, 17:24
433
Бөлісу:
Су тасқыны. "Атырау-Индер" трассасында қорғаныс бөгеттері бекітілуде
VIDEO
Фото: скриншот

"Атырау - Индер" трассасының 25 шақырымында жайылма судың шығып кету дерегінің тіркелуіне байланысты, жолдың Жайық жақ бетіне шұғыл бөгет соғу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов мәлімдеді.

Қазір оқиға орнында 15 ауыр техника жол жиегіне бөгет соғу жұмыстарын жүргізуде. Әзірге тас жол жабылған жоқ. Көліктер қозғалысын полиция департаменті қызметкерлері қамтамасыз етуде, - деді спикер.

Қазір жайылма суды сай салаға бағыттау мақсатында қосымша жыру жұмыстары және өр суын Соколок каналына бағыттау жұмыстары жүруде.

Еске сала кетсек, 20 мамыр күні Атырау - Индер трассасының 25 км тұсына жайылма су трасса бетіне шығу оқиғасы тіркелген болатын.

Өзгелердің жаңалығы