Су тасқыны. Ақтөбе облысында 2 мыңға жуық адам өтемақы алды

23 Сәуір 2024, 14:27
494
Бөлісу:
Су тасқыны. Ақтөбе облысында 2 мыңға жуық адам өтемақы алды
Фото: ОКҚ

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлбағда Көбеева өңірде су тасқынынан зардап шеккен 2 мыңға жуық адам өтемақы алғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ырғыз ауданында су тасқынына қарсы шаралар атқарылуда. Бұл жақта 81 үйді су басқан еді. Қазіргі уақытта жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде.

Белшер кенті 90 дана қап төселіп, 30 тонна инертті материал әкелінді; Құйлыс ауылында 150-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр, 9 бірлік техника тартылған, 310 дана қап төселіп, 110 тонна инертті материал әкелінді; Жайсаңбай ауылы бойынша 125 адам, 6 бірлік техника тартылған, 290 дана қап төселіп, 110 тонна инертті материал әкелінді, - деді спикер ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Ауданға гуманитарлық көмек ретінде азық-түлік, дәрі-дәрмек, төсек-орын, барлық қажетті зат жеткізілді. Облыс бойынша су тасқынынан зардап шеккен 1966 азамат бірреттік әлеуметтік төлем алды. Төлем сомасы 638 млн 862 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар, бүлінген мүлік, жасалатын жөндеу жұмыстарына да ақша берілуде.

Өзгелердің жаңалығы