Су тасқыны. Ақтөбе облысында 1636 адам эвакуацияланды

8 Сәуір 2024, 11:28
195
Бөлісу:
Су тасқыны. Ақтөбе облысында 1636 адам эвакуацияланды
Фото: Ақтөбе облысы ТЖД

Ақтөбе облысында халықты және аумақты су тасқынынан қорғау және авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, облыс аумағында 1061 үйді су басты. 

Эвакуацияланған 1636 адам уақытша орналастыру пункттеріне орналастырылды, 5919 адам туыстарында. 10663 бас мал қауіпсіз жерлерге айдалды. Өткен тәулікте, тәуліктің түнгі уақытын қоса алғанда, қауіпті учаскелерде шамамен 50 дана қап және 180 тонна инертті материал төселді, 17 624 м3 текше метр су сорылды. Авариялық құтқару жұмыстарына 1364 адам, 247 техника, 22 су сору құрылғысы және 10 жүзу құралы жұмылдырылды, - делінген хабарламада.

Қарғалы өзенінің деңгейі көтерілуіне байланысты Қарғалы бойындағы бау-бақша ұжымдары мен елді мекендерде қауіп сақталуда.

Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша өткен түні барлығы 143 адам эвакуацияланды, оның ішінде 25 бала. Қазір Жилянка және Садовый елді мекендерінің тұсында судың бағытын бұру, құммен бекіту, биіктету жұмыстары кешелі бері жалғасуда.

Мүдделі қызметтер мен ұйымдардың қатысуымен республикалық және облыстық жедел штабтар – ЖАО, Қазсушар, Қазавтожол тәулік бойы жұмысты жалғастыруда.

Өзгелердің жаңалығы