Су тасқыны. Алматыда 30 мыңға жуық тұрғынның өміріне қауіп төніп тұр

12 Сәуір 2024, 08:58
12129
Бөлісу:
Су тасқыны. Алматыда 30 мыңға жуық тұрғынның өміріне қауіп төніп тұр
Фото: Арман Мухатов -архив

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов "Ақсай" бассейніндегі селді ұстайтын бөгетті тексеру кезінде мердігердің жоғарыда аталған объектіні салу бойынша міндеттемелерін орындамауына байланысты белгілі бір бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Белгілі болғандай, Алматы қаласының 30 мыңға жуық тұрғынының өміріне қауіп төніп тұр.

Осыған байланысты "Қазселденқорғау" басшылығының алдында тиісті материалдарды процессуалдық шешім қабылдау үшін ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне беру туралы мәселе көтерілді. Оның нәтижелері бойынша ҚР ҚМА қылмыстық іс қозғады және мердігер ұйымның жауапты тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын ұрлау бойынша тергеу жүргізілуде, - делінген ведомство хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы