Су тасқыны. 170 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер зардап шеккен

15 Мамыр 2024, 17:38
237
Бөлісу:
Су тасқыны. 170 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер зардап шеккен
Фото: gov.kz

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен 170 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі таңда облыста су тасқынынан 170 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері
2 990,5 млн теңге шығынға ұшырағаны белгілі болды, оның ішінде ауыл шаруашылық саласына жататын субъектілерді қоспағанда, бизнестің басқа салаларында 79 субъекті анықталуда.

Комиссия Ақтөбе қаласы бойынша 49 ШОК нысанын қарап шықты. Аралап тексеру нәтижесі бойынша алдын ала шығын көлемі 1183,2 млн теңгені құрады. Оның ішінде «Алматы» ауданы бойынша 43 бизнес субъектісі,«Астана» ауданында 6 субъект бар екені анықталды.

Атап өту керек, көрсетілген сандар әлі де өзгереді, бұл – тек шығынның алдын-ала есептелген мөлшері.

Сонымен қатар ауылшаруашылық саласына жататын субъектілер үшін жаңа заңнамалық қағидалар бекітілуде.

Шығындарды өтеу бойынша шешімді облыс әкімінің тапсырмасымен құрылған Аймақтық комиссия шығарады.

Еске салайық, су тасқыны кезінде бизнесі зардап шеккен кәсіпкерлер биылғы жылдың 30 қарашасына дейін шығынды өтеп алу туралы өтініш бере алады.

Өзгелердің жаңалығы