Су тасқыны. 10 өңірде азық-түлік бағасын көтергендерге 40 ескерту берілді

11 Сәуір 2024, 18:40
395
Бөлісу:
Су тасқыны. 10 өңірде азық-түлік бағасын көтергендерге 40 ескерту берілді
Фото: ОКҚ

ТЖ режимі жарияланған облыстарда тауарларды жеткізуде проблемалар байқалмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі Әлия Әбдірахманова Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте айтты.

Су тасқыны басталғаннан бері 10 өңірде әлеуметтік кәсіпкерлік көрпорациялардан 767 тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары өткізілді. Өңірлерде төтенше жағдай кезінде азық-түлік және азық-түлік емес тауарлармен қамтамасыз етудің сауда объектілерімен жасаған меморандумдар бар.

Су тасқыны кезеңінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын көтергені үшін еліміздің 10 өңірі бойынша 46 әкімшілік қаулы шығарылды, оның ішінде 6 айыппұл салынып, 40 ескерту берілді. Естеріңізге сала кетейік, бағаның өсу фактілері анықталған жағдайда 8(7172) 74-37-35 нөмірі бойынша хабарласуға болады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы