Су тасқыны: Министр ШҚО-дағы қауіпті орындарды әуеден барлады

18 Наурыз 2021, 18:45
1528
Бөлісу:
Су тасқыны: Министр ШҚО-дағы қауіпті орындарды әуеден барлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Шығыс Қазақстандағы жұмыс сапарының екінші күнін толығымен өңірдегі су тасқыны қауіпті орындарды әуеден барлау мен қалыптасқан жағдайға мониторинг жасауға арнады. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хбарлады.

Төтенше жағдайлар министрі, ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, Шығыс Қазақстан облысы әкімімен бірлесіп Катонқарағай, Көкпекті, Алтай аудандары мен Риддер қаласының маңайындағы тасқын қаупі жоғары учаскелерді әуеден барлап шықты. Облыста қар жапқан аймақ 96 пайызды құрады.

Әуеден шолу нәтижесінде Бұқтырма өзенінің бассейнінде орналасқан Барлық, Коробиха, Сенное, Быково, Богатырево, Малеевск, Путинцево, Зубовск, Тұрғысын, Парыгино мен Снегирево елді мекендеріндегі жағдайға мониторинг жасалды. Қазір жағдай қалыпты. Мұздың жағадан шығуы байқалмады.

Сонымен қатар Көкпекті ауданындағы Лайлы су қоймасының толығу жағдайы тексерілді. Жақын күндері Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бөгетті жөндеуге шамамен 38 млн теңге сомасындағы жұмыс жүргізілетін болады.

Ол Алтай қаласындағы су жинақтаушы-тоғандағы «Вторшука» өзеніндегі суды шығаратын сорғы станциясы мен су деңгейін реттеуге арналған гидротораппен танысты. Осы жерде жергілікті атқарушы органдар мен ТЖ қызметі қосымша су соратын сорғы мен мотопомпа орнатқан.

Әуеден барлау кезінде Юрий Ильин тікұшақтан Бұқтырма өзеніндегі мұзды ұсақтау бойынша жару жұмыстарының куәсі болды, ондағы ұсақталған мұз ауданы 13000 текше метрді құрады. Қазір өзендегі мұз қалыңдығы 70 см.

Шолу қорытындысы бойынша Юрий Ильин Шығыс Қазақстандағы топырақта бір жарым метрге дейінгі тоң қатуға, жазықтықтағы қардың биіктігі 90 см дейін, ал таулы аудандарда 1,5 м және 2 м дейін жетуіне байланысты Үлбі, Тұрғысын, Бұқтырма бассейндеріндегі аталған елді мекендерге біршама қауіптің бар деген қорытындыға келді.

Өңірдегі су тасқыны қиындаған жағдайға құрамында күштер мен құралдар тобы құрылды: 3 мың адам, 2412 бірлік техника және 370 мотопомпа, 108 эвакобекет дайындалған. Қалалар мен аудан әкімдіктері 97 мың қап, 15 мың тонна инертті материал мен 419 тонна жанар-жағармай дайындаған. Сонымен қатар республиканың өзге облыстарынан өңірге көмек көрсету үшін күштер мен құралдар келетін болады.

Су тасқыны - ең жауапты да күрделі кезең. Біздің міндетіміз – адамдарды қорғап және шығынды барынша азайту, соның ішінде ең қарапайым шараларды қолдану. Тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жағдайдың өзгеруі туралы жедел хабардар ету қажет. Адамдардың уақтылы өз мүліктерін қорғап және үй маңайын, су ағызатын арықтарын тазалау бойынша уақтылы шаралар қабылдау керек, - деді ТЖМ басшысы.

Облыста 94 әлеуетті су тасқыны қауіпті елді мекен айқындалған, онда 7191 үй мен 22613 адам бар.

Болжамға сәйкес өзендер наурыздың екінші онкүндігі және сәуір айының бірінші онкүндігінде белсенді түрде ери бастайды деп күтілуде.

Құбылмалы ауа райынан қар қарқынды түрде ери бастауы ықтимал болғандықтан су тасқыны жағдайы және су өткізу режимін белгілейтін гидротехникалық құрылымдарды пайдаланатын меншік иелері мен ұйымдарға бақылауды күшейту қажет.

Өскемен қаласы, Алтай, Катонқарағай, Тарбағатай, Глубокое, Шемонаиха, Көкпекті және Бородулиха аудандарында тасқын суға байланысты жағдай күрделі болуы мүмкін.

Өңірдегі су тасқыны жағдайын қадағалау үшін 53 гидробекеті бар бақылау жүйесі жұмыс істеп тұр.

ШҚО ТЖД бөлімшелері жағдайды тәулік бойы бақылауда. Жергілікті атқарушы органдар «Су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарына» сәйкес жұмыстарды алдын ала жүргізді.

Шығыс Қазақстандағы 18 мұз кептелуі қауіпті орындардың 8-інде өзендердегі мұзды ұсақтау бойынша жұмыстар жасалды. Оның жалпы ауданы 30 мың текше метрді құрады. Бұл жұмыстарды наурыздың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы