Су тасқынынан зардап шеккендер жаңа немесе жөндеуден өткен баспанамен қамтылады – Тоқаев

9 Мамыр 2020, 12:22
1096
Бөлісу:
Су тасқынынан зардап шеккендер жаңа немесе жөндеуден өткен баспанамен қамтылады – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұрғындарға республикалық бюджеттен 100 мың теңге беріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Твиттердегі парақшасында жазды.

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындары жаңа немесе жөндеуден өткен баспанамен қамтамасыз етіледі. Олардың әрқайсысына республикалық бюджеттен 100 мың теңге беріледі. Жағдай бақылауда. Су ресурстарын тиімді әрі әділ пайдалану мәселесі өзбек тарапымен тығыз байланыста шешілетін болады, - делінген жазбада.








Өзгелердің жаңалығы