Су саласы мамандарын даярлау үшін білім беру гранттарының саны көбейеді

7 Маусым 2023, 21:10
715
Бөлісу:
Су саласы мамандарын даярлау үшін білім беру гранттарының саны көбейеді
Фото: BAQ.KZ

2029 жылға қарай жоғары білікті мамандарға деген қажеттілік 800 адамға дейін өсуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ашық НҚА порталында су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдама-жобасында жарияланды.

Сұранысқа ие мамандарды даярлау үшін М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетімен бірлесіп, жоғары оқу орнын дамыту бағдарламасы бекітіледі. Бұл жұмыстар 2023-2029 жылдар аралығында жүргізіледі. Су саласындағы инновациялық пәндерді қоса отырып, білім беру бағдарламалары да жаңартылады. Су саласының сұранысқа ие пәндері бойынша жоғары білім алу үшін мемлекеттік білім беру гранттарының санын ұлғайтылады,-делінген құжатта.

Өзгелердің жаңалығы