Су ресурстарын ұрпаққа аманаттау. USAID аймақтық жобасының өзектілігі

1 Сәуір 2022, 13:11
4283
Бөлісу:
Су ресурстарын ұрпаққа аманаттау. USAID аймақтық жобасының өзектілігі
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) Қазақстандағы «Су ресурстары және қоршаған орта» бойынша аймақтық жобасы 5 жылға жоспарланған. Жобаның құны 21,5 млн АҚШ долларын құрайды. Жоба Орталық Азияның бес елі мен Ауғанстанның  арасындағы трансшекаралық су ресурстарын басқару және Сырдария мен Әмудария өзендерінің бассейндерінде экологиялық қауіпті азайту мәселелерінде өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. 

Су ресурстарын жақсарту – экономиканы көтеру

USAID Қазақстандағы «Су ресурстары және қоршаған орта» бойынша өңірлік жобаның  жетекшісі Екатерина Стрикелева USAID жобасының аясында бассейндерді жақсарту өңір экономикасының басқа саласына тигізетін әсері анықталатынын айтты. 

Су ресурстарын ұрпаққа аманаттау. USAID аймақтық жобасының өзектілігі

Мысалы, Сырдария бассейнін жаңғырту арқылы экономиканың өзге салаларының өсуін бақылаймыз. Арал маңында күрішті пайдалануды алмастырсақ, оның маңайындағы экожүйенің жағдайы қалай өзгергенін көруге болады. Қазр сценарийлерді әзірлеу жүзеге асырылып жатыр. Сырдария бойынша 6 сценарий дайындалады. Оның қорытындысына барлығымыз куә боламыз деп ойлаймын, - деді Стрикелева. 

Ол атап өткендей, жоба аясында Орталық Азия елдерінің үкіметтерімен тығыз жұмыс істеліп жатыр. 

Алайда біз заңдардың шығуына емес, заң актілеріне көбірек көңіл бөлеміз. Себебі заңдар өте көп шығады. Олардың біршамасы өте тиімді. Алайда істе оның пайдаланылып жатқаны – бөлек әңгіме. Бізде ұлттық өзара үйлестіру комитеттері бар. Олардың құрамында аймақтық елдердегі  5-6 министрліктің өкілдері бар. Оған экологтар мен су шаруашылығы қызметкерлері, СІМ, экономика, энергетика салалары жатады. Бұл өкілдік аймақтық деңгейде жүзеге асырылады, - деді ол. 

Стрикелева жобаның бірегейлігіне экологтар мен су шаруашылығы, қаржыгерлер мен сыртқы істер министрлігінің бас қосуын жатқызуға болады. 

Себебі су ресурстарын осы министрліктер аймақтық дәрежеде шешеді, талқылайды, - деді ол. 

Nexus әдісі несімен ерекше?

Тұрақты даму түсінігіне 50 жыл толды. Алайда бізге ол 2000 жылдың басында келді. Тұрақты дамудың тұжырымдамасы экономикалық, экологиялық және әлеуметтік көзқарастың бірігуінен тұрады. 2015 жылы БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына жетуді жасақтады. Оның 17 мақсаты бар. Оны 193 мемлекет қабылдады. Оның ішінде, әрине, Қазақстан да бар,-деді Стрикелева. 

Сондай-ақ жоба жетекшісі Nexus әдісіне тоқталды. 

Су ресурстарын ұрпаққа аманаттау. USAID аймақтық жобасының өзектілігі

Nexus әдісі – әлеуметтік-экономикалық дамуға интеграцияланған, сектораралық және келісілген әдіс арқылы жету. Оны кез келген басқару деңгейінде енгізуге болады.  Бұл түсінік алғаш рет 2011 жылы Бонн қаласында жасыл экономика жөніндегі конференцияда пайда болды.  Ал Орталық Азияға әдісті Еуропалық одақ 2016 жылдың желтоқсанында кіріктірді. Әрине, Орталық Азия үшін бұл түсінік әлі де тың. Әдіс тәжірибеде сирек қолданылады, - деді Екатерина Стрикелева. 

Сондай-ақ сарапшы Nexus әдісі қолданылған Сенегал өзені бассейні туралы айтып өтті. 

Бассейннің аумағы 300 мың шаршы метр болғандықтан, онда құрғақшылық, ирригация үшін судың жетіспеушілігі сынды проблемалар жиі қайталанды. Аталған әдіс арқылы сенегал бассейніне жататын елдер шығындарды және қорларды бөлу арқылы экономикалық тиімділікке шықты, - деді ол. 

Қазақстанның тәжірибесі

Nexus әдісін дамытатын тетіктің бірі – бассейндер кеңесі. Сектораралық диалогқа су ресурстарын пайдаланудың барлық тарапы қатысады. Бірлескен жоспарлауды да ортақ құндылықтар мен мүдделер негізінде жүзеге асырады. Бірлескен қаржыландыру мемлекеттік, жеке және өзге көздер арқылы іске асырылады, - деді Стрикелева. 

Мәселен, 2021 жылдың қарашасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа кеңесінің президенті Шарль Мишелмьмен кездесті. Оның барысында халықаралық су-энергетикалық консорциумының құрылуы айтылды.

Су ресурстарын ұрпаққа аманаттау. USAID аймақтық жобасының өзектілігі

Оның қызметі аясында мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау мен гидроэнергетика, суару сынды маңызды қызығушылықтарында тепе-теңдік ұстау жүзеге асырылады. 

Су ресурстарын интеграциялық басқару бойынша үйлестіруші Анна Иноземцева Орталық Азияда 8 шағын бассейн кеңесі жұмыс істейтінін айтты. 

Су ресурстарын ұрпаққа аманаттау. USAID аймақтық жобасының өзектілігі

Бассейн кеңестерінің жұмысы туралы жұртшылыққа кеңінен ақпарат түсіндіруде БАҚ-тың рөлі ерекше. Себебі ақпарат таратуда су ресурстарын пайдалану шекаралық дауларды тудырмауы керек, - деді ол. 

Осы орайда АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) Қазақстандағы «Су ресурстары және қоршаған орта» бойынша аймақтық жобасын медиа қызметкерлеріне кеңінен түсіндіру үшін тренинг өткізді. 

Су ресурстарын ұрпаққа аманаттау. USAID аймақтық жобасының өзектілігі

Шарада аймақтың жобаның маңызы мен ерекшелігі айтылды. Оған қоса БАҚ қызметкерлері ресурстардың бөлінуін жете түсінуі үшін арнайы әзірленген ресурстарды бөлу ойынымен танысып, білімін шыңдады. 

Су ресурстарын ұрпаққа аманаттау. USAID аймақтық жобасының өзектілігі

Айта кетейік, USAID – әлемдегі халықаралық даму жөніндегі жетекші агенттігі және және даму нәтижелеріне қол жеткізуге ықпал ететін катализатор. 

USAID Орталық Азияның мемлекеттік органдарымен, академияларымен және су пайдаланушыларымен серіктестікте өңірдің су ресурстарын басқару саласындағы әлеуетін күшейту үшін жергілікті ғалымдар мен көшбасшылардың жаңа буынына оқыту жүргізеді, су ресурстарын тең құқылы және тиімді басқаруға және олардың нысаналы өзен бассейндерінде әділ бөлінуіне жәрдемдеседі және ортақ су ресурстарын басқару мәселелерінде өңірлік ынтымақтастықты нығайтады.

Өзгелердің жаңалығы