Су қоймасының толуы қаншалықты қауіпті? - министрлік жауабы

29 Сәуір 2024, 17:32
416
Бөлісу:
Су қоймасының толуы қаншалықты қауіпті? - министрлік жауабы
Фото: gov.kz

Енді оқу орындарының студенттері "Қазсушар" филиалдарында өндірістік тәжірибеден өте алады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Су ресурстары және ирригация министрлігі су мамандарын даярлау үшін 9 отандық жоғары оқу орнымен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды, - деді Әбдуалиева.

Спикер өңірлердегі су тасқыны жағдайына тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазсушардың Батыс Қазақстан облысындағы филиалының мамандары тасқын суын қауіпсіз өткізу іс-шараларын атқарып жатыр. Аймақта су тасқынының екінші кезеңі жалғасуда.

Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы. Есіл өзенінде су тасқынының екінші кезеңі жалғасуда. Сергеев су қоймасының жотасы арқылы судың асып кету биіктігі 175 см–ге дейін төмендеді. Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97%. Мұнда су тасқынының белсенді кезеңі өтті, - деді ведомствоның ресми өкілі.

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші - 83%. Су тасқыны жалғасуда. Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 99%-ға толы. Олардың бәрі штаттық режимде жұмыс істейді. Су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Қостанай облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%. Аймақтағы су тасқынының белсенді кезеңі өтті.

Су қоймаларының толуы туралы бұл көрсеткіштер тасқын суды өткізу процесінің бір бөлігі. Өзендерде су деңгейінің артуын және елді мекендерді су басуын болдырмау үшін су қоймаларда жиналып, қауіпсіз көлемде өзендерге немесе каналдарға ағызылады. Сондықтан, мысалы, су қоймалары 100% толы деп айтқанда, бұл су қоймасы енді су қабылдай алмайды және су басу қаупі бар дегенді білдірмейді. Су қоймаларында жиналған су кейіннен ауыл шаруашылығында және өнеркәсіпте пайдаланылады, - деп түсіндірді Мөлдір Әбдуалиева.

Өзгелердің жаңалығы